Қазақстандықтар Өзбекстанға саяхаттаудан үштікке енді

2022 жылы наурызда Өзбекстанға барған саяхатшылар арасындағы рейтингте қазақстандықтар екінші орынға шықты. Мұндай мәліметті Өзбекстан Республикасының туризм министрлігі және мәдени мұра министрлігі жариялады. 

Ведомство мәліметінше, Өзбекстанға келген қонақтар арасында (өткен айда әр түрлі орналасу мекемелерін жалдаған), ішкі туристерден бөлек, Ресей азаматтары - 23,4 пайыз, Қазақстан - 18,9 пайыз және Тәжікстан - 14,4 пайыз, Сондай-ақ, Түркия азаматтары - 7,7 пайыз, Қырғызстан - 6,3 пайыз, Беларусь - 4,6 пайыз, Қытай - 3,2 пайыз және Франция - 1,7 пайыз шетелдік қонақтар қонақүйлерде орналасқан. Жалпы 2022 жылы наурызда Өзбекстанға 72 мың шетелдік қонақ келген. 

Пандемияға дейінгі дәуірде 2019 жылы наурызда 84,8 мың шетелдік азамат қонақүйлерде қоныстанған. Ол кездері Қазақстан азаматтары 15 пайызбен үздік үштікке енетін. Ресей азаматтары - 16,8 пайыз, ал Тәжікстан - 6,3 пайыз болатын. 

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.