Орсе - Париждің ең атақты мұражайына айналған вокзал

Орсе мұражайының пайда болу тарихи өте ерекше. Бұл өртеніп кеткен Орсе қамалының орнына 1900 жылғы көрме үшін салынған вокзал болатын, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ХХ ғасыр ортасында теміржол платформаларына заманауи пойыздар құрамы сыймайтын болды, ал ол жердегі қонақүй 1973 жылдан бастап адам қабылдайтын болды. Кешенді алдымен бұзбақ болады, алайда кейін оны мұражайға айналдыру шешімі қабылданыпты. Осылайша, Виктор Лалудың туындысы аман қалады.

Қазіргі таңда көптеген туристер Орсе мұражайына соқпайды, ол болса Луврдың әйнек пирамидасынан бір-ақ шақырым жерде. Ал бұл жерде ХХ ғасырдағы атақты еуропалық суретшілердің (Моне, Ван Гог, Гоген және басқалары) туындыларын тамашалауға болады.

Орсе 1970 жылдары XIX ғасырдың мұражайы ретінде құрылды. XIX ғасырда фотосурет жаңашылдық болды, осы себепті мұражайда қор құрылды - онда фотоның техникалық және көркемдік дамуы көрсетілген. Францияның ешбір залында ол кезде фотосуреттердің жиынтығы болмаған. Мұражайдың қорында барлығы 47 мың экспонат бар.

Ал Орсенің ең өзгеше тұсы сәулет көрмесі. Яғни, жүздеген ғимарат бейнеленген сурет, гравюра, сызбалар мен макеттер жиынтығы. Онда бәрі XIX ғасырдағы еуропалық сәулеттің түрлілігі бейнеленген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!