Таиландта шетелдіктер үшін мұражай мен саябаққа кіру 1,5-2 есе қымбаттады

Таиланд королдігінің министрлер кабинеті елдің саябақтары мен мұражайларына кіру құнын көтеріп жіберді. Алайда мұның себебін еш түсіндірген жоқ, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл елге шетелдік туристердің көптеп ағылуына байланысты болған сияқты, өйткені елдегі көрнекі орындарына бару жиілеген екен. Онымен қоса, бұл шетелдік туристерге ғана қатысты болып отыр, жергілікті халық үшін 2008 жылы бекітілген баға әлі де өзгермеген.

Баға өзгерісі келесідей: (1 бат шамамен 13 теңге)

  • тарихи орындар: жергілкті халыққа - 20 бат, шетелдіктерге - 120-200 бат (баға 100 батқа өскен);
  • археологиялық кешендер: жергілікті халыққа - 10-20 бат, шетелден келгендерге - 80-120 бат (50-100 батқа қымбаттаған);
  • кіші мұражайлар: жергіліктілерге - 10 бат, шетелдік демалушыларға - 80 бат (50 бат);
  • орташа мұражайлар: жергілікті демалушыларға - 10-20 бат, сырт мемлекеттен келушілерге - 120 бат (бұрынғы бағамен айырмашылық 50-100 бат);
  • ірі мұражайлар: жергілікті халық үшін - 20-30 бат, шетелдіктерге - 200 бат (қымбатағанға дейін 100-150 бат).

Дегенмен шетелдік демалушылар үшін бірқатар демалыс орындарындағы аудиогид үшін төлем алынып тасталды. Нақты айтқанда бұл Сурин және Накхоннайок провинциясындағы ұлттық мұражайлар, Сдоккактхом мен Ват Куди Дао ғибадатханаларында және басқа да нысандарда.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!