Нью-Йоркте үрейлі аттракцион пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Нью-Йорк тұрғындары мен қонақтары енді қаланы 370 метр биіктіктегі, қабырғасы әйнектен жасалған лифт кабинасынан көре алады. Мегаполистегі жаңа қорқынышты аттракцион туралы Fox News жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

Басылымның мәліметінше, One Vanderbilt кешені Нью-Йорк қонақтарына ғимараттың 77 қабатына көтеріліп, Манхэттеннің панорамасына таңдануды ұсынады.

Сонымен қатар, ғимараттың қонақтары ашық террассадағы барда немесе "әлемдегі ең биік ашық альпілік шалғында" отырып демалуға болады. Барлық көрнекті орындар осы жылғы қазанның соңында келушілер үшін қолжетімді болады.

TengriTravel