Непал Эвересті бағындырдық деп өтірік айтқандарға тауға шығуға тыйым салды

Непал билігі 2016 жылы Эвересті бағындырдық деп жалған мәлімет берген екі үнді альпинисінен Эверестке шыққаны туралы сертификаттарды қайтарып алды. Оларға және топ жетекшісіне алты жыл бойы елде тауға өрмелеумен айналысуға тыйым салды, - деп хабарлайды РИА Новости.

NDTV телеарнасы мәліметіне сүйенсек, Нарендер Сингх Ядав пен Сима Рани Госвами 2016 жылдың көктемінде әлемдегі ең биік тауды бағындырған. Кейін Непал туризм департаменті мәліметті растап, сертификат берген. Алайда Ядав беделді Tenzing Norgay Adventure Award сыйлығына үміткер қатарына қосылғаннан кейін, тергеу олардың Эвересті шын мәнінде бағындырмағанын анықтаған. 

"Олар шыңға шыққанын дәлелдейтін ешқандай дерек ұсына алмады... Тіпті тау шыңында түскен суреттері жоқ", - деді Туризм министрлігінің өкілі Тара Нат Адхикари.

Экспедицияны ұйымдастырған Seven Summit Treks компаниясына 50 мың рупий (287 мың теңге) айыппұл салынды, ал альпинистерді ертіп жүрген жолсерікке 10 мың рупий (57 мың теңге) айыппұл салынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!