Грекия шекарасы туристер үшін қашан ашылады?

Грекия билігі әлем туристері саяхаттаудың белгілі бір ережелерін сақтаған жағдайда шекараларды ашатындарын жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Voice of America басылымына сілтеме жасап. 

Грекияның туризм саласына жауапты өкілдері 1 маусымда саяхатшылар үшін ел шекарасын ашуға дайын екендерін жеткізді. Грекияда "қауіпсіз саяхат" жоспары әзірленіп жатыр, егер саяхатшы 72 сағаттан аспайын уақытта коронавирусқа тапсырған тест нәтижесі теріс болса, соның арқасында туристер карантин ережелерін айналып өтеді. 

Вестник АТОР мәліметінше, Грекияның туризм министрі Харис Теохаристің айтуынша, туристің тест сынағы теріс болса, соның өзі жеткілікті болады екен. 

"Вакцинацияланған туристер ауруханаға жатқызылмайды. Біз вакцинацияланған туристерге кіруге ыңғайлы жағдай жасай аламыз, мысалы, оларды тестілеуден немесе карантиннен босату. Бұл денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені азайтады. Сонымен қатар, вакцинацияланған ба, жоқ па, бәрі де қосымша шектеулер мен міндеттемелермен де саяхаттауға қабілетті болуы керек", - деді министр.

Министр шекараларды ашудың нақты күні әлі бекітілмегенін айтты, бірақ бұл ақылға қонымды мерзімде болады деп үміттенеді. Ол Грекияда демалуға сұраныс 2021 жылдың қыркүйегінен кейін болатынын атап өтті, сондықтан ел билігі күтуге дайын.

"Маусымды ашпас бұрын біраз уақыт кетуі мүмкін. Қазір біз қашан емес, қалай ашатынымыз маңызды", - деді Харис Теохарис.

Харис Теохарис Грекия туристерден міндетті түрде COVID-19 вакцинациясын талап етпейтінін, бірақ вакцинацияланған туристер бірқатар артықшылықтарға ие болатынын атап өтті. Мысалы, оларға карантиннен өту қажет емес. Сондай-ақ, саяхатшыларды ПТР тестінің теріс нәтижесін беруден босату мүмкіндігі қарастырылып жатқан көрінеді.

Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.