Мысырда туристер үшін қонақүйлерде бағаны көтеруден бас тартылды

Мысырдың министрлер кабинеті қонақүйлерде тұрудың ең төменгі бағасының өсуін алты айға кейінге қалдырды. Бұл туралы АТОР сайтында хабарланды.

Бұл шара 1 мамырда күшіне енуі керек еді, бірақ үкімет туристік ағымның төмендеуіне байланысты одан бас тартты.

Жаңа ережелерге сәйкес, "бес жұлдыз" қонақүйдегі бөлме күніне 50 доллардан, "төрт жұлдыз" қонақүйінде 40 доллардан арзан болмайды деп болжалды. "Үш жұлдыз" және "екі жұлдыз" орналастыру нысандары үшін минималды баға сәйкесінше 30 доллар және 20 доллар болуы керек еді.

АТОР мамандарының айтуынша, Мысыр билігі курорттарға тікелей чартерлік рейстердің болмауына қарамастан, туристерді көбірек тартуға тырысады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!