Мысырда автобус пен жүк көлігі соқтығысты: 12 адам қаза тапты

Мысырдың Қызыл теңіз жағалауында автобус пен жүк көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам қаза тапты, 30 адам жарақат алды, - деп хабарлайды al-Masry al-Youm газеті.

Басылым мәліметінше, автобус пен жүк көлігі жексенбіде таңғы уақытта Қызыл теңіз провинциясының Рас-Гариб және Заафарана қалаларының арасындағы 40-шақырымда соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам қаза тапты, 30 адам жарақат алды", - деді денсаулық сақтау саласының мамандары.

Автобустың бір жанында Efars trav деп жазылған, соған қарағанда бұл туристік автобус болуы мүмкін. Әзірге көлікте қай елдің азаматтары болғаны беймәлім.

Сурет lens.almasryalyoum.com сайтынан

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!