Еуропада саяхаттауға ең арзан елдер тізімі жарияланды

Еуропада саяхаттауға ең арзан елдер тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

УНИАН және Schengenvisainfo мәліметінше, 2023 жылы Еуропада саяхаттауға ең арзан елдер тізіміне Румыния, Португалия және Словения енген.

Еуропада ең арзан елдер:

  • Мажарстан (Венгрия). Мұндағы тұрғын үй бағасы бір түнге 16 доллардан басталады. Ал 3-4 "жұлдызды" қонақүйлер 60-90 доллар тұрады. Бір айлық қоғамдық көлік билетті 24 долларға сатып аласыз. Сіз 5-25 долларға тамақтана аласыз.
  • Португалия. Пәтер жалдау бағасы 11 доллардан басталады. Бір айлық билет құны 41 доллар, ал бір реттік қоғамдық көлік билеті 1,6 доллар тұрады. Тамақтанудың орташа бағасы - 8 доллар.
  • Словения. Мұндағы ең арзан тұрғын үй 11-15 доллардан басталады, ал жайлы қонақүйлер 38-96 доллар аралығында. Бір айлық жол жүру құны 15 доллар, 12-15 долларға тойымды ас ішуге болады, фаст-фуд шамамен 6 доллар тұрады.
  • Болгария. Пәтерді жалға алудың ең арзан бағасы 14 доллардан басталса, жайлы қонақүйлер 36 доллардан басталады. Қоғамдық көлікте жүру үшін бір айлық билет 18 доллар тұрады, сондай-ақ 5-15 долларға тамақтануға болады.
  • Румыния. Ең арзан пәтерлер 10 доллар тұрады, ал 20 доллар төлеу арқылы сіз жайлы жағдайды талап ете аласыз. Бір реттік автобус билеті небәрі 30 цент, ал айлық билет 16 доллар. Мейрамханалардағы тамақтану бағасы - 6-15 доллар, фаст-фудты 2-4 долларға табуға болады.
  • Молдова. Мұндағы ең арзан тұрғын үй 5 доллар тұрады, жақсы қонақ үй 30 доллар, ал бес жұлдызды қонақ үй 150 доллар тұрады. Қоғамдық көлікке бір реттік билет 40-50 цент, ал тамақ 10-12 доллар тұрады.
  • Словакия. Бұл елде пәтерді жалға алу 10-30 доллардан басталады, ал 6-30 долларға тамақтана аласыз.
  • Молдова. Мұндағы ең арзан тұрғын үй 5 доллардан басталады, жақсы қонақүй 30 доллар, ал бес жұлдызды қонақүй 150 доллар тұрады. Қоғамдық көлікке бір реттік билет 40-50 цент, ал тамақ 10-12 доллар тұрады.