Жер-жаһан 20 мамыр 2021 09:00

Мальдивтен келген қазақстандықтар үшін үйдегі карантин шарты айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay Фото: pixabay

Мальдив аралдарынан келген барлық турист екі апта үйде оқшаулануы керек.  Кaz.tengritravel.kz  тілшісі оның қалай ұйымдастырылатынын баяндайды.


Мальдив аралдарынан келген барлық турист екі апта үйде оқшаулануы керек.  Кaz.tengritravel.kz  тілшісі оның қалай ұйымдастырылатынын баяндайды.

Үйдегі карантинге байланысты туындаған сұрақтардың ішінде қаржы мәселесі болды: туристер ауырып қалғаны туралы анықтама ала ала ма және жұмысқа шыға ала ма?

"Әр ұйым өз қалауы бойынша шешеді. Мальдив Республикасынан келу себебінен 14 күндік карантин жағдайында денсаулығына байланысты демалыс қарастырылмаған", - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Осылайша, жұмыс берушілер Мальдивтен оралған қызметкерлерін ақы төленбейтін демалысқа жіберуге немесе қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беруге мәжбүр болады деп болжанады.

Қазақстан туроператорлар қауымдастығының президенті Инна Рейдің айтуынша, қазір Мальдивте мыңға жуық қазақстандық бар. Олардың бәрі кестеге сәйкес төрт рейспен қайтарылады. Сондай-ақ, ұйым басшысы транзиттік жолаушылардың жағдайы қалай болатынын түсіндірді.

"Қазір Біріккен Араб Әмірліктері арқылы ұшып келетін туристер бар. Олар Мальдив аралдарынан ұшарда және Дубайға келгенде ПТР-тестін тапсырды. Әр елдің өз ережелері бар. Егер транзиттің бір жерінде қайта тапсыру ережесі болса, онда оны да орындау керек", - деді Инна Рей.

Ол турист әмірліктерде бірнеше күнге қала алатынын атап өтті. Мұндай жағдайда Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қызметкері бұл күндерді есептейді, ал Қазақстанға келген соң қалған күндерде өзін-өзі оқшаулауы тиіс.

Инна Рейдің айтуынша, транзиттік қала Алматы да болуы мүмкін. Мұндайда өңір тұрғындары үйлеріне оралып, екі апталық карантиннен өтеді.

Ал туристерді әуежай маңында жеке көлігі немесе такси қарсы алса, санэпидемиологтар оларды үйіне жібереді.

Қазақстанның туроператорлар қауымдастығының президенті соңғы шара ретінде Қазақстанға келген туристен ПТР-тест тапсыруды сұрайтынын және оны қадағалайтынын атап өтті.

"Егер ПТР-тестінің нәтижесі оң болса, ол дереу ауруханаға жіберіледі. Егер теріс болса, біраз уақыттан кейін олар үйге жіберіледі деп ойлаймын", - деді Инна Рей.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!