Лоукостер жолаушыларға жоқ орындарды сатқан

Ұлыбританиялық лоукостер жолаушыларға 26-қатардағы жоқ орындарды сатқан, - деп хабарлайды Daily Star.

Басылым мәліметінше, Дейзи Барр құрбысымен EasyJet әуекомпаниясынан билеттер алған. Сөйтіп олар ұшатын күні ұшаққа кіргенде бортта тек 25 қатар ғана барын білген. Басында қыз балалар өздері отыруы керек орында тұрып қалған, сосын барып қана ұшақ ішінен бос орынды іздей бастаған. 

Туристердің айтуынша, экипаж мүшелері оларға көмектесуді ойламаған да. "Қуанышымызға орай бортта бірнеше бос орын болды. Алайда біз айтарлықтай абдырап қалдық", - дейді қыз бала. 

Қыздар өз шағымын видеоға түсіріп, TikTok желісінде жариялаған. Видео дереу таралып, 3.7 миллион рет қаралған. 400 мыңнан аса лайк пен пікір жинаған. Коментаторлар EasyJet компаниясы жоқ орындарды сатумен жиі айналысатынын жазған. "Менде екі рет осындай жағдайға тап болдым", "Маған бос орынға отыра салуымды өтінді, соған қарамастан ұрыс естідім", "Олар әйтеуір ұшақ бортында тұрып баратын орындарды сататын болыпты ғой", - дейді қолданушылар.

@daisybarr1

♬ Mission Impossible Theme (Movie Trailer Mix) - Dominik Hauser