видеодан үзінді видеодан үзінді

Экс-футболшы Құздан секіремін деп отбасының көз алдында қайтыс болды


Нидерландыдан Майорканың Санта-Понса курорттық аумағына қыдырып барған ер адам қауіпті трюк жасаймын деп қайтыс болды, - деп хабарлайды The Sun.

Басылым мәліметінше, 31 жастағы экс-футболшы Мурад Ламрабат отбасының көз алдында 30 метрлік құздан секірмек болады. Оқиға Мальгратс аралында болған. Оның секіру алдындағы қадамы аз болған соң ол, суға жетпей тасқа соғылған. Артынша оның денесі суға түскен. 

Ер адамның денесін құтқарушылар судан алып шыққан. Тексеру кезінде ол соққыдан есінен танып қалып, алған жарақатынан қайтыс болғаны анықталды. 

Нақтыланбаған мәлімет бойынша, оның жолдасы ер адамның осы ісін тікелей эфирде түсіріп тұрған. Ол екі баласымен жалдамалы қайықта отырған. Видеоны мына жерден көруге болады. 

Ламрабат бұрындары SBV Vitesse клубында ойнаған. Оның командасы Нидерландыдағы Eredivisie деп аталатын жоғарғы лигасында өнер көрсетеді. Футболшының экс-ұжымы қазаға байланысты туыстарына көңіл айтқан

видеодан үзінді





Осыған ұқсас мақалалар

Туристерге саяхат кезінде үнемдеудің тиімді жолдары айтылды Туристерге саяхат кезінде үнемдеудің тиімді жолдары айтылды
Әуекомпания қызметкерінің жолаушыны ұрғаны видеоға түсірілді Әуекомпания қызметкерінің жолаушыны ұрғаны видеоға түсірілді
Тағы бір әуекомпания жылдам ұшақтарға тапсырыс берді Тағы бір әуекомпания жылдам ұшақтарға тапсырыс берді