Қытайда "Титаниктің" көшірмесі пайда болады

Қытайда Атлант мұхитында апатқа ұшыраған британиялық "Титаник" кемесінің дәл көшірмесі пайда болады. Бұл туралы France24 жазады, - деп хабарлайды  Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жобаның бас демеушісі инвестор Су Шаожун (су Шаожун) болды. Ол 1997 жылы атақты "Титаник" фильмімен аты аңызға айналған круиздік кемені қалпына келтіруге шабыттанып қолға алған.

Кеменің көшірмесін салу түпнұсқаның құрылысына қарағанда үш жылға көп уақыт алды және оның құны бір миллиард юань (66,4 миллиард теңге) болды. Кеменің көшірмесінде асханадан сәнді шкафтарға дейін барлық нәрсе түпнұсқа "Титаник" стилінде жасалған.

Сондай-ақ, жаңа кеме Сычуань провинциясының тақырыптық паркінің ортасында құрлықта орналасады. Сонымен қатар, туристер бес жұлдызды лайнерде қона алады. Кемеде тұру құны күніне 2000 юаньға дейін (шамамен 133 мың теңге) болады.

"Мен бұл кеме 100 жылдан кейін де, 200 жылдан кейін де осында болады деп үміттенемін", - деді Шаоцзюнь.

Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.