Қытайда қарт туристерді экскурсияның орнына зиратқа апарды

Қытайда қарт туристерді ақшасы төленген экскурсияның орнына зиратқа апарған. Осылайша, тур ұйымдастыру компаниясы зейнеткерлерге коммерциялық ұсыныс жасағысы келген, - деп хабарлайды Lenta.ru агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап.

Саяхатшылар толық түскі ас пен табиғаты әсем жерге экскурсия үшін 18 юань (1185 теңге) төлеген. Алайда компания қарт туристерді оның орнына жай қабірлерге әкелген.

Туристердің бірі Longyao ұйымдастыру компаниясына шағымданды, содан кейін Чунцин Мәдениет және туризмді дамыту комитеті тергеу жүргізіп, аталған компанияның туристік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ екенін анықтады.

Комитет өкілдері мұндай оқиғалардың алдын алуға уәде берді. Зейнеткерлерге жол жүру құны өтелді ме, жоқ па белгісіз.