Круиз лайнерінің бортынан мұхитқа құлап кеткен жолаушы 15 сағаттан соң тірі табылды

28 жастағы ер адам АҚШ-тың круиз лайнерімен саяхаттап жүріп, борттан құлап кеткен. Сөйтіп 15 сағаттан соң Мексика бұғазында құтқарылған, - деп хабарлайды New York Post.

Carnival Valor жолаушысының жоғалып кеткенін жігіттің әпкесі байқаған. Олар 23 қарашада кешкі уақытта бірге лайнердегі барлардың бірінде ішімдік ішкен. 23:00-де ер адам әжетханаға кетіп, оралмаған. Алайда ер адамның жоғалғаны туралы әпкесі келесі күні түсте бір-ақ хабарлаған.

Осыдан кейін кеме қайта бұрылып, Жаңа Орлеанға бағыт алған, ал құтқарушылар мұхиттан жігітті іздей бастаған. Оны 24 қарашада кешкі 20:30-да Луизиана штатының жағалауында тапқан, сөйтіп жағалау күзетінің тікұшағымен құтқарған. Арнайы қызметтердің мамандары ер адамның аман қалуын таңғажайып жағдай деп атады.

Задап шеккен ер адамды Жаңа Орлеан ауруханасына жеткізген. Ол қатты суықтап қалған және шок алған, соған қарамастан дәрігерлер оның жайғдайы бірқалыпты екенін айтады.