Ресейдің Краснояр өлкесіндегі "Ергаки" табиғи саябағында мамандар туристер тобына шабуыл жасаған аюды тауып, атып өлтірді. Бұл туралы Интерфакс жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Хакасия аймағы мен республикасы бойынша ҰҚК Тергеу басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, генетикалық сараптама жасау үшін жануардан биоматериал алынды. Оқиға орнында ТЖМ мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Еске салайық 28 шілдеде "Ергаки" саябағында аю ресейлік саяхатшылардың бірін өлтірді, тағы үшеуі қашып құтылды. Жануар туристерге түнде шабуыл жасады.
Кейін жедел-тергеу тобы шатырлы лагерьдің орнында 42 жастағы ер адамның денесін тапты. Марқұм сот медициналық сараптама жүргізу үшін аудан орталығына жеткізілді.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!