Ресейде аю туристерге шабуыл жасап, бір жігітті сүйреп кеткен

27 шілде таңертең Красноярск өлкесіндегі Арадан жотасындағы Тоғыз көл аймағында аю жорыққа шыққан төрт мәскеулікке шабуыл жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Топ мүшелерінің бірі отын жинауға кетеді. Осы кезде оған үлкен қоңыр аю шабуыл жасайды. Қалған үшеуі досына көмектесе алмай, амалсыз қашады. Аю жігітті алып кеткен. Үш жігіт байланыссыз және жабдықсыз қалады, олар бір тәулікке жуық жақын маңдағы турбазаға тығылған. Осыған байланысты ТЖМ оқиға туралы келесі күні таңертең ғана білген.

Тоғыз көл ауданына полиция мен ТЖМ қызметкерлерінен, сондай-ақ аңшы және "Ергаки" табиғи паркінің өкілдерінен құралған топ келді. Олар аюды ұстап алған туристің денесін табуға тырысып жатыр. Бірақ оны құтқару мүмкін емес деп отыр. Оқиға орнына тікұшақпен өлімнің мән-жайын анықтайтын тергеу тобы жіберілді.

"Ергакидегі" аюдың табанынан туристің қазіргі өлімі – осы айдағы екінші жағдай. Осыған байланысты парк дирекциясы Ресей Федерациясының Экология министрлігінен туристердің аумаққа кіруіне толық тыйым салу туралы жазбаша өтініш жіберді. "Ергакиді" 1 қарашаға дейін жабу ұсынылды. Қалың қар түскен соң, аюлар ұйықтайды.

Сондай-ақ, табиғи парк басшылығы туристерден "Ергакиге" барудан бас тартуды сұрады. Себебі Арадан жотасының маңында саяхатшылар үшін қауіп төндіретін қоңыр аюлар көбейген. Өтініште дирекция "күштер мен құралдардың болмауына байланысты аюлардың санын реттеуді жүзеге асыра алмайды" делінген

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!