Коронавирус еуропалықтардың саяхаттауға деген құлшынысын жоғалтпады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Сауалнамаға қатысқан еуропалықтардың басым көпшілігі алдағы алты айда саяхатқа шығуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Еуропалық туризм комиссиясының (ETC) есебінде айтылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы TravelDailyNews басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Сауалнамаға қатысқан еуропалықтардың басым көпшілігі алдағы алты айда саяхатқа шығуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Еуропалық туризм комиссиясының (ETC) есебінде айтылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы TravelDailyNews басылымына сілтеме жасап.

Зерттеу барысында шамамен 6000 респондент сұралды. Есепке сәйкес, еуропалықтардың көпшілігі (54 пайызы) алдағы алты айда саяхаттайтынын айтқан. Сауалнамаға қатысушылардың 39 пайызы Еуропада саяхаттау ең жақсы таңдау деп санайды және материктің батыс бөлігіндегі басқа елдерге баруды да жоспарлап отыр. Сонымен қатар, сауалнама көрсеткендей, еуропалықтардың 2020 жылы саяхаттауға деген құлшынысы коронавирусқа қатысты белгісіз жағдайға байланысты төмендеген.

Сауалнамаға қатысқан еуропалықтардың көпшілігі демалуды саяхаттың басты мақсаты деп атады. COVID-19 әсеріне қарамастан, респонденттердің 21 пайызына қалалық саяхат басым, ал шаңғы және сноуборд тебу қыс жақындаған сайын 39 пайызға артты. COVID-19 жағдайлары көбейіп келе жатқанда, еуропалықтар үшін қауіпсіздік басты мәселе болып табылады. Дәл саяхат уақытының белгісіздігі де үлкен алаңдаушылық тудырады, өйткені сауалнамаға қатысқандардың шамамен 35 пайызы келесі сапарға қашан баратынын білмейді.

Ұлыбританиялықтарға Жаңа жылда саяхаттауға рұқсат беріледі - БАҚ

Сонымен қатар, сауалнама нәтиежелері жақын арада демалысқа шыққандар үшін тағы бір мәселені анықтады, ол - сапар кезінде карантиндік шаралар (15 пайызы) және барған жерде ауырып қалу ықтималдығы (13 пайызы). Әуе тасымалдаушысын және баратын жерді таңдағанда әуекомпаниясының билеттерді брондау мен қайтару қызметінің икемді болғанына сұраныс артқан. Еуропалықтар қайтарымсыз билеттерді сатып алуға ниетті емес екендіктерін білдірді.

"Соңғы мәліметтер еуропалықтардың коронавирустың екінші толқыны мен кейбір шектеулерге қарамастан, саяхаттуаға деген құлшыныстарының жоғары екенін айқын көрсетіп отыр. Еуропалықтар отбасыларын көруге немесе қысқы демалысқа шығуға лайықты", - дейді сауалнама нәтижелері туралы ETC бас директоры Эдуардо Сантандер.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная