Көлік, баспана, тамақ: Еуропалық саяхат комиссиясы украиналықтарға көмектеседі

Еуропалық туризм комиссиясы 3 наурызда мәлімдеме жасады. Онда украиналық босқындарға көмектесуге дайын екенін білдірді, - деп хабарлайды Тourprom сайты.

"Еуропаның ұлттық туристік ұйымдарының өкілдері болып саналатын комиссияның негізін қалаушы қағидат - бейбітшіліктің, өзара түсіністік пен құрметтің катализаторы ретінде саяхаттауға жәрдемдесу. Бұл бастапқы миссия бүгінде біздің ұйым Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін 70 жыл бұрын құрылған кездегідей маңызды. Біз әртүрлі мәдениет пен адамдар арасындағы "көпірді" жалғастыруды қамтамасыз ету үшін әлі жұмыс істеп жатырмыз", - делінген саяхат комиссиясының хабарламасында.

Ұйым украиналық босқындарға көлік, баспана және тамақ беруге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Литва билігі Вильнюске көшу туралы кеңес алғысы келетін украиналық босқындар үшін сайт пен жедел телефон желісін іске қосты. Екінші жағынан, Airbnb комиссияның қауымдастырылған мүшесі ретінде Украина аумағынан шыққан 100 мың украиналыққа тегін тұрғын үй ұсынды.

Еуропаның пойыз бен ұшақ операторлары да украиналық босқындарға тегін тасымалдауды ұсынды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!