Танзанияда украиналық туристерге көмек көрсетілді

Шығыс Африкадағы Танзания билігі қазір Үнді мұхитындағы Занзибар архипелагында қалып қойған жүздеген украиналық туристі қорғайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Тourprom сайты Africanews газетіне сілтеме жасап жазады.

Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс салдарынан азаматтық авиация үшін әуе кеңістігі жабылды.

Қазір жартылай автономды Занзибар аймағының әртүрлі қонақүйінде мыңға жуық турист тұрады деген болжам бар. Олар үйіне қалай оралатынын білмей отыр.

Тропикалық курорт билігі Украинаның Кениядағы (Танзаниямен көрші мемлекет - авт.) елшілігімен байланысып, туристерді Украинамен көршілес Польшаға эвакуациялауға тырысты. Осы уақытта жергілікті қонақүйлердің иелері оларға көмек қолын созды.

"Біз оларға көмектесеміз деп шештік. Қазір көмекке мұқтаж 14 украиналықты қабылдадық. Оларға тегін тұрып, тегін тамақ ұсынамыз және шығындары үшін олардан бір цент алған емеспіз", - деді қонақүй менеджері.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!