Қазақстандықтар арасында танымал ел 5 жылдық туристік виза ашады

Индонезияның Иммиграция министрлігі туристік және іссапарларға арналған жаңа 5 жылдық көп мәртелік визаның іске қосылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Bali Sun басылымына сілтеме жасап.

Жаңа D1 визасы туризм, отбасылық сапар және транзиттік визалар санатына енгізілген. Үміткерлер Индонезияға бес жыл бойы бір уақытта 60 күнге дейін бара алады. Иммиграция департаменті бұл кезеңдерді қаншалықты жақын пайдалануға болатынын нақтыламады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Direktorat Jenderal Imigrasi (@ditjen_imigrasi)

Визаның құны 15 000 000 рупий (шамамен 450 000 теңге) және иммиграция департаментінде онлайн режимінде төленеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Direktorat Jenderal Imigrasi (@ditjen_imigrasi)

Виза иелері Индонезияның және провинциясының заңдары мен ережелерін сақтауға, жергілікті әдет-ғұрыптар мен мәдениетті құрметтеуге және Индонезияда тұру үшін жеткілікті қаражаты болуы керек. Виза иелеріне Индонезияда табыс әкелетін жұмысқа немесе бизнеспен айналысуға тыйым салынады, бірақ бұл кірісі Индонезиядан тыс жерде онлайн түрде алынатын цифрлық көшпенділер үшін таптырмас мүмкіндік.

Өтініш беру үшін төлқұжат, қаражатты растау және мемлекеттік немесе жеке мекемелерден шақыру сияқты қосымша құжаттарды ұсыну қажет.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!