Қазақстандық әуекомпания өкілдері Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Shutterstock @Shutterstock

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Украинаға рейстерді тоқтатуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Kaz.tengritravel.kz тілшісіне әуекомпанияның баспасөз қызметінен хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Украинаға рейстерді тоқтатуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Kaz.tengritravel.kz тілшісіне әуекомпанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Әуетасымалдаушы Алматы - Киев - Алматы бағыты бойынша дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан - Киев - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша бейсенбіде тұрақты рейстерді орындауды жалғастырады.

"Қазіргі уақытта сақтандыру компаниялары тарапынан қандай да бір шектеулер жоқ. "Эйр Астана" Украинадағы жағдайды мұқият бақылап, ұшу қауіпсіздігі тәуекелі туындаған жағдайда кестедегі өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етеді", - деп хабарлады компаниядағылар.

Сондай-ақ, тасымалдаушы Киевке ұшатын жолаушылардың алаңдаушылығын назарға ала отырып, "Эйр Астана" айыппұлды ұстамай, 13 ақпанға дейін қоса алғанда 14-21 ақпан аралығындағы рейстерге жазып берілген билеттерді қайта броньдауды және толық қайтаруды жүзеге асыратынын хабарлады. Сапар күнін өзгерту үшін мына телефондарға: + 7 (727) 244 44 77, + 7 (717) 258 44 77, +7 702 702 44 77 хабарласу керек. Қайтаруды рәсімдеу үшін сілтеме бойынша форманы толтыру қажет.

Бұған дейін БАҚ-та Батыстың сақтандыру компаниялары 13 ақпаннан бастап Украинаға ұшатын әуекемелеріне сақтандыру өтемақысын беруден бас тартқаны туралы ақпарат пайда болды. Сонымен қатар, жақын арада көптеген ұшақ Украина аумағынан шығарылуы мүмкін деген мәлімет жарияланды. 

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная