Туризм аяқталды: әуе кеңістігі жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Shutterstock @Shutterstock

Украиналық әуекомпаниялардың шетелдік курорттарға, ең алдымен Мысыр мен Түркияға ұшатын рейстері сейсенбіден бастап толық тоқтатылады. Осылайша, Украинада шығу және келу туризм аяқталады, - деп хабарлайды Тourprom сайты "Страна" басылымына сілтеме жасап.

Жексенбі таңертең авиациялық сақтандырушылардың тәуекелдерін қайта сақтандырумен айналысатын британиялық сақтандыру компаниялары ұшақтардың иелеріне 48 сағаттан кейін Украинада әуекемелерін сақтандыру тоқтатылатыны туралы ресми ескерту жіберді. Бұл туралы әуекомпаниялардағы ақпарат көздері Украинаның "Страна" басылымына айтқан.

Ақпарат берушілердің айтуынша, сейсенбіден бастап украиналық әуекомпаниялар ұша алмайды. Өйткені жалға алынған ұшақтар, олардың көпшілігі сақтандырусыз ауаға көтеріле алмайды. Халықаралық құқыққа сәйкес, кез келген әуекомпания өзінің азаматтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті, онсыз лайнерлерге ұшуға тыйым салынады.

Нәтижесінде ірі шетелдік сақтандырушылар пулының шешімі Украинадағы халықаралық әуеқатынасын толығымен тоқтатады. Себебі мұндай жағдайда тез арада қайта сақтандыру өте қиын және қымбат болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel