"Жұмыс орында ұйықтау және "лювак". Вьетнам несімен таң қалдырады?

Коронавирустық шектеулер жойылғаннан кейін Вьетнамдағы туризм айтарлықтай жанданды. Бұған дәлел - туризм индустриясындағы Оскар сыйлығының аналогы ретінде жүретін World Travel Awards тұжырымы бойынша 15 номинация жеңіп алуы. "Қаладағы әлемдегі ең жақсы демалыс орны" аталымы Ханойға, "Әлемдегі ең жақсы табиғат аясындағы демалыс орны" аталымы Фукуокқа бұйырса, "Әлемдегі ең жақсы аймақтық демалыс орны" аталымына Мок Чауа лайық деп танылды, ал елдің өзі "Дүниежүзілік мұраның жетекші нысаны" сыйлығын жеңіп алды.

Вьетнам әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді өзіне тартып тұратын жәннат бағындай жағажайларымен танымал. Елдің картадағы созылыңқы бейнесі (ұзындығы - 1750 шақырым) Чили мен Норвегияға ұқсайды. Контурлық кескіні қалқанға ұқсас болып келеді. Астанасы Ханой қаласы елдің солтүстігінде орналасқан, атауының мағынасы "Өзендер арасындағы қала" дегенді білдіреді. Ханойдағы ең көп баратын жер - Бадинь орталық алаңында орналасқан Хо Ши Мин кесенесі. Туристер көсемнің әйнек табыттағы бальзамдалған денесін көруге құмар. Ал елдің орталығында орналасқан ежелгі Хюэ астанасын көруге келушілер де көп. Оңтүстікке қарай демалысқа қажетті барлық атрибуттары - әдемі жабдықталған жағажайлар мен бес жұлдызды қонақ үйлері бар, сәні мен салтанаты келіскен Дананг курорты орналасқан. Ең алдымен, ол өзінің "Чайна-Бич" ("Қытай жағажайы") деп аталатын тамаша жағажайымен әлемге әйгілі. Мұндағы кең жағалауды алып жатқан жарқыраған жұмсақ құм мен бірін-бірі қуалаған жал-жал толқындар туристерді өзіне тарта түседі.

Халонг бұғазы © pixabay.com

Астанадан шығысқа қарай 170 шақырым жерде үш мың аралы бар әйгілі Халонг шығанағы орналасқан. Оңтүстік қиырдағы Хошимин 1965 жылдан 1975 жылға дейін созылған Вьетнам соғысын еске алады. Қаланың жанында Кучи жерасты туннельдері бар, онда туристерді тек жерасты лабиринттерімен жүргізіп қана қоймай, полигонда мылтық пен зеңбіректерден атуға рұқсат етіледі.

Осыдан 100 жылдан аса уақыт бұрын француздар теңіз деңгейінен 1475 метр биіктікте салған Далат тау курорты "Мәңгілік көктем қаласы", "Махаббат алқабы", "Үндіқытайлық Швейцария" деген атауларға ие. Ол елдің дәл орталығында орналасқан және жоғарыда аталған қалалардан айырмашылығы айтарлықтай. Бұл қалада биыл "Әлемдегі жетекші туристік көпір" сыйлығын жеңіп алған Алтын көпір - sun World Ba Na Hills орналасқан.

© pixabay.com

Бұл елдің туризм астанасы - Нячанг оңтүстікке қарай орналасқан. 26 қазаннан бастап ANEX Tour Kazakhstan туристік операторының бастамасымен Алматыдан Нячанг маңындағы вьетнамдық провинция - Камрань қаласына тікелей рейс ұша бастады. Әуежай жағалауға жақын орналасқан бес жұлдызды қонақүйлерден 10 минуттық жерде орналасқан. Камраньнан Нячангқа дейін көлікпен бар болғаны 40-50 минут жүресіз. Ол жерде сіз Кхань Хо провинциясының негізгі буддистік орталығы - Лонгшон пагодасына бара аласыз. Орталық аумағында лотос позасында отырған Ақ Будданың үлкен мүсіні (14 метр), сондай-ақ ежелгі тям өркениетінің қасиетті орындары - VII ғасырда салына бастаған По Нагар мұнаралары орналасқан. Бұл - діни рәсімдер мен ана-құдайға ғибадат жасау орны. Сондай-ақ мұнда сіз готикалық француз стилінде салынған Нячанг соборына бара аласыз.

ANEX Tour - жаһандық туризм және саяхат жүйесінің маңызды бөлігі. Бұл - халықаралық саяхат және трансұлттық тасымалдау саласындағы ең танымал әлемдік компаниялардың бірі. Бүгінде туроператор бүкіл Қазақстан бойынша туризм саласында ең жоғары сапалы қызмет көрсетеді. Планетаның ең әсем бұрышына естен кетпес саяхат жасау туралы арманыңызды жүзеге асырыңыз және өзіңізге, жақындарыңызға жаңалықтардың игілігін көру қуанышын сыйлаңыз. Қазақстандағы ANEX Tour сіздің жеке қалауыңызға құлақ аса отырып, ең тиімді және қызықты жолдамаларды таңдап береді.

ANEX Tour Kazakhstan туроператоры Қазақстанға ұшатын рейстерді ашуға және көбейтуге толық мүдделілік танытып, қолдау көрсете отырып, вьетнамдық авиакомпанияның өкілі және негізгі серіктесі ретінде әрекет етеді. Вьетнамда ANEX Tour гидтерінің барлығы дерлік орыс тілінде сөйлейді. Көбісі Украина мен Ресейде оқыған.

Алматыдан Вьетнамның туризм астанасына алғашқы рейс қалай іске қосылды?

Одан сәл оңтүстікке қарай орналасқан Фантхьет пен Муйне жағажайлардың жанында нағыз құмды шөлдің болуымен таң қалдырады. Меконг сағасына саяхат жасау тұмса табиғат пен этноэкзотиканы ұнататындардың көңілінен шығары анық. Мұндағы қалқымалы базарлар, су жанындағы қадалардың үстіне салынған католик соборларының сүмбілері, орхидеясы жайқалған бақтар, джунглидегі сирек кездесетін аңдар мен құстар таңдандырмай қоймайды. Төменде, Меконг өзенінің сағасында, "Шығыс Парижі", Хошимин өндірістік-туристік орталығы (бұрынғы Сайгон) басталады. Елдің оңтүстік-батысында Вьетнамның ең үлкен аралы Фукуок орналасқан. Аппақ құмы мен кокос пальмалары бар жұмақ жағажайды іздесеңіз, батыс жағалаудан табасыз.

Selectum Noa Resort Cam Ranh 5 қонақүйі

Бес жұлдызды қонақ үй Камрань әуежайынан 15 минуттық жерде орналасқан. Оңтүстік Қытай теңізіне жақын бірінші жағалаудың бойында орналасқан. Қонақ үйдің аумағы өте үлкен, көп қабатты қонақ үй кешені және 10 шақты үш қабатты кешен, әртүрлі деңгейдегі су ойындарына арналған аттракциондар, су құйғыштар мен субұрқақтар, су ойын алаңы, өзіндік құс бағы, спа-орталығы, балалар мен ересектерге арналған бірнеше бассейндер, теннис корты, волейбол және футбол алаңдарынан тұратын аквапарк инфрақұрылымы бар. Бұл жерде су полосын, ал қонақүйде үстел теннисін ойнауға болады. Қонақтарға жоғары деңгейде қызмет көрсету үшін, жүргізушілері сізді тәулігіне 24 сағат бойы қонақ үй аумағына қалаған жеріңізге апаруға дайын. Денис, Миша және Алина есімді аниматорлар әртүрлі ойындар мен жарыстар өткізіп, сіздің демалысыңызды одан сайын қызықты етеді. Ал құтқарушылар (кем дегенде 7-8 адам) болса, сіздің судағы қауіпсіздігіңізді қадағалап, қамтамасыз етеді.

Ас мәзірі алуан түрлі. Мұнда кәдімгі сиыр еті, шошқа еті мен қой етінен басқа қолтырауын, бақа еті де ұсынылады. Вьетнам тағамдарының дәмі Оңтүстік Кореямен немесе Қытаймен салыстырғанда аса бір ащы емес. Бірақ тағамға қалауыңызға қарай әртүрлі ащы дәмдеуіштер қосуға болады. Лонган, мангустин, рамбутан, черимойя, дуриан және кокос пен манго сияқты көптеген жемістер бар. Күн сайын кешке ет пен теңіз өнімдерінен барбекю жасалады. Таңғы 7-ден 20:30-ға дейін екі жерде тамақ тегін, ал түнде мәзір бойынша ақылы түрде тапсырыс беруге тура келеді. Күн сайын қонақүйден 40 минуттық жерде орналасқан Нячанг қаласына екі рет қонақ үйден апарып-әкелетін қызмет көрсетіледі.

Ескерту: егер жағажайда қызыл жалаулар болса, ол жерде суға түсуге тыйым салынады. Демалысын жағажайда өткізуді қалайтын жандарға құтқарушылар кезекшілік ететін сары-қызыл жалаулармен белгіленген жерлерде ғана суға түсуге кеңес беріледі. Әдетте, қараша айында Нячангтегі климатты ыстық деп сипаттауға болады. Күздің соңғы айындағы орташа тәуліктік температура +28 °C болып тұрады, ал теңіздегі су жып-жылы болады. Алайда айдың көп бөлігінде қатты жаңбыр жауады, дегенмен күн жарқырап тұратын шуақты сәттер де аз емес.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anzor Gasaev?? (@vkadre_kz)

Вьетнам солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқандықтан, оның аймақтарында әртүрлі климаттық ерекшеліктер бар. Оңтүстікте, әсіресе, Меконг өзенінің сағасында, ауа райы жыл бойы ыстық және ылғалды болады. Жаңбырлы маусым жаз айларында, ал құрғақ маусым қыс айларында болады. Солтүстікте бәрі керісінше: қыста ұзаққа созылған жаңбыр жауады, ал жазда олар тоқтаса да, ауада ылғал сақталады. Температура +40 градусқа дейін көтеріледі. Ел вьетнамдықтар Шығыс деп атайтын теңізбен жуылғандықтан (карталарда Оңтүстік Қытай теңізі деп белгіленген), көптеген жерлерде ылғалдылық сезіледі, бірақ аса көп емес. Жыл бойы ауа температурасы шамамен 32 градус болып тұрады.

Ескерту. Бұлтты күні де күнге қыздырынуға болады. Вьетнамда Таиландтағы сияқты жағажайларда күннен қорғайтын кремдерді қолдануға әлі тыйым салына қойған жоқ, сондықтан оларды пайдалануды ұмытпаңыз.

Дананг қаласындағы "Айдаһар" көпірі. © pixabay.com

Вьетнамдықтардың қозғалатын барлық нәрсені жеумен аты шыққан: кобраның қанынан коктейль ішеді, қолтырауындар мен түйеқұстардың етін жейді, қара шегірткені қуырып жейді. Ел тұрғындары жылына бір рет жылан жейді, өйткені олар иммунитетті күшейтеді. Мұндағы өнімдер мұздатылмайды, тоңазытқыштар тіпті пайдаланылмайды, себебі жемістерді бірден ағаштан, көкөністерді - бақшадан әкеледі, ал балықты таңертең аулап, жеткізеді. Ет тағамдары көп мөлшердегі дәмдеуіш шөптермен және тұздықтармен бірге беріледі.

Кеңес: бұл елдегі демалыстың алғашқы күндерінде классикалық тағамдар мен жемістерді жеуге тырысыңыз. Бейімделу кезеңінде сіздің ағзаңыз вьетнамдықтардың төл тағамдарын қабылдамауы мүмкін. Мысалы, сіз қолтырауын етінен жасалған кәуапты немесе қуырылған бақаны көрген кезде, бірден жиіркеніп кетуіңіз мүмкін, сөйтіп, әрі қарай одан да жаман болуы ықтимал. Олардың ұлттық тағамдарына көзіңіз үйренген соң, дәмін татып көруге де болады.

Вьетнамда ішкі желілердегі ұшақтардан бастап, қалааралық автобустар мен таксилерге дейін барлық заманауи көлік түрлерін пайдалануға болады. Көліктің бір түрінен екіншісіне немесе бір бағыттағы автобустан екіншісіне бірнеше рет ауысып мініп, Вьетнамның ең шалғай жерлеріне де жетуге болады. Сондай-ақ, сумен жүретін трамвайлар, қайықтар, шағын катерлерге отырып, жергілікті табиғаттың сұлулығын тамашалай аласыз. Немесе скутерді жалға алып, бүкіл демалысыңызда солтүстіктен оңтүстікке қарай айналып шыға аласыз. Қалаларда көлік жүргізу өте қауіпсіз, өйткені жылдамдық шектеулі және жүргізушілер аса қатты айдамайды. Бірақ жаяу жүргіншілер үшін жағдай сәл қиынырақ, өйткені бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрса да, бұл жолды алаңсыз кесіп өтуге болады дегенді білдірмейді. Сіз қолыңызды көтеріп, жолдың шынымен бос екеніне көз жеткізуіңіз керек.

Вьетнам - өте қонақжай ел. Туан есімді гидтің айтуынша, егер жергілікті адамнан бірдеңе ұрланса, ол оны тіпті іздемейді және полицияға да жүгінбейді екен. Өйткені ол бұл әрекетінен еш пайда жоқ екенін жақсы біледі. Ал егер туристің бірдеңесі жоғалса, онда полицияның барлық күштері жұмылдырылып, табылғанға дейін іздейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айдос Косубаев (@kosubayev)


© pixabay.com

Таңғажайып вьетнамдықтар

Вьетнамдықтар өте ерте жатып, ерте тұрады. Бірақ балықшылар түн ортасында оянып, кальмар аулауға шығады. Егер сіз қонақ үйдің бірінші қабатында тұрсаңыз, онда сіз міндетті түрде түнде теңіз бетінде жалтылдаған шамдарды көресіз.

Вьетнамда 50-ден астам ұлт тұрады, яғни елде 50-ден астам диалект бар. Солтүстік тұрғыны орталық және оңтүстік аймақтардың тұрғындарының тілін түсінбеуі мүмкін. Ең ұзын сөз тек жеті әріптен тұрады. Чам мен эдэ сияқты кейбір халықтарда әлі де матриархат бар.

Вьетнамда әлі күнге дейін барлық жаңа нәрселерден бас тартқан тайпалар бар. Олар таулы жерлерде тұрады, өздерінің қарым-қатынас жасайтын тілі бар. Вьетнам үкіметі оларға қарапайым тұрғындармен қарапайым ортада өмір сүру үшін талай мәрте жағдай жасады. Бірақ олар бір-екі күн тұрады да, үйлеріне қашып кетеді. Кейде туристер осындай байырғы вьетнамдықтарды кездестіреді. Оларды көзқарасынан-ақ тануға болады: кездескен кезде олар сізге тесіле және таңдана қарайды, шамасы, осы елде тек өздері тұрады деп санаса керек.

Вьетнамдықтардың үйлері өте тар, өйткені қасбетке салық бар. Үйдің ені 1,5-2 метр, ал ұзындығы 10 метр немесе одан да көп болуы мүмкін. Бірақ жергілікті тұрғындардың айтуынша, қазір үйлерді бұлай салуға тыйым салынады, өйткені мұндай үйлер тұрақсыз.

Вьетнамда ақша негізінен пластиктен жасалған, тек шағын номиналдар ғана қағаздан жасалған. Вьетнамдағы ең қымбат купюра - 500 000 донг. Ең азы - 1000 донг. Барлық купюраларда Хо Ши Миннің суреттері және көптеген нөлдер бар, сондықтан шатасып кету қаупі бар. Купюраларды түстері бойынша ажыратуға тырысуға болады. Қалтаңызда миллион донг болса да, сіз өзіңізді миллионер ретінде сезбейсіз, өйткені бұл небәрі 18 783 теңге. Бірақ қалтаңызда доллар немесе банк картаңыз болса, төлемдер туралы алаңдамасаңыз да болады, өйткені мұнда екеуі де базардан басқа жердің барлығында қабылданады.

Туристерге міндетті түрде жергілікті базарларға, мүмкін болса, түнгі базарларға да баруға кеңес беріледі. Тіпті Оңтүстік-Шығыс Азия стандарттары бойынша Вьетнамдағы бағалар өте жақсы, сондықтан бұл елге келгендердің ешқайсысы кәдесый алмай кетпейді. Тропикалық жемістер, емдік артишок шайы және кофе, соның ішінде копи лювак сияқты экзотикалық және қымбат сорты бар. Кофенің бұл түрі, ең алдымен, арнайы өңдеу әдісіне байланысты танымал. Бұл кофені өндіру процесі - пальма сусарлары кофе ағашының піскен жемістерін жейді, кофе дәндерінің айналасындағы жұмсағын қорытып, дәндерді шығарады, содан кейін оларды адамдар жинап, жуады және күнге кептіреді. Лювактың ең қымбат сортының 100 граммы 100 доллар тұрады. Ол табиғи ортада өндірілетін корольдік сорт болып саналады. Бұл жануарларды суретте көрсетілгендей ұстайтын зооплантациялар да бар.

Жылан шарабы мен жыландарға, шаяндарға және басқа да улы жәндіктер салынған емдік тұнбалар ең жақсы классикалық кәдесый болып есептеледі. Ер адамдар оларды денсаулыққа пайдалы деп санайды.

Әйелдер Фукуока аралындағы вьетнамдық інжу зергерлік бұйымдары мен жібек киімдерді жақсы көреді. Демалушылардың көпшілігі тіпті жергілікті тігіншілерге тапсырыс беріп, ұзын жібек көйлек пен шалбардан тұратын аозай деп аталатын ұлттық әйелдер киімін тіктіреді. Оны конус үлгісіндегі пальма жапырағынан жасалған дәстүрлі қалпақпен киген өте жарасымды болады.

Сауда-саттыққа арналған кеңес: базарларда, әдетте, туристерді көргенде, сатушылар бағаны бірден өсіріп жібереді. Сондықтан сатушы калькуляторда көрсеткен соманы екіге бөліп, жеңілдік сұрау керек. Мысалы, туристер вьетнамдық жақпа майларды жеңілдікпен 40 000 донгқа сатып алған жағдайлар болды. Ал шын мәнінде, бұл жақпа май тек 6000 Донг тұрады. Яғни, турист үшін баға шамамен 7 есе көтерілген.

© pixabay.com

Мұнда жалақы аз, ал зейнетақыны тек мемлекеттік қызметкерлер ғана алады. Сондай-ақ білім беру жүйесі де өте қызық: міндетті түрде 5 сыныпты бітіру керек, содан кейін балаларын оқыта ма немесе жұмыс істете ме, оны ата-аналар өздері шешеді. Сондықтан, тамаққа төлеген кезде, үстіндегі тиын-тебенін қалдырсаңыз, сіз өзіңізді жомарт адам ретінде көрсетіп қана қоймай, бүкіл отбасына үлкен қуаныш сыйлайсыз.

Елде жұмыс орнында ұйықтап алатын адамдарды көптеп кездестіруге болады. Түскі астан кейінгі демалыс сәтінде кеңселердегі, банктердегі және басқа ұйымдардағы адамдар гамактарда, үстелдің үстінде, тіпті еденде де ұйықтай береді.

Көптеген вьетнамдықтар - атеистер. Бірақ ғасырлар бойы тұрғындар әруаққа сеніп келген. Гидтердің айтуынша, буддистер мен христиандар да бар (ең көбі 30 пайыз), олардың үйлерінде қайтыс болған туыстарына табынатын заттар бар.

Әлемнің 90-нан астам еліне барған қазақстандық блогер және саяхатшы Александр Цой жақында Вьетнамға барып, оған қалай жетуге болатыны және өзіне жақсы демалуға кімнің көмектескені туралы өз әсерлерімен бөлісті.

"ANEX TOUR-тің үлкен артықшылығы - бұл туроператордың әртүрлі пакеттері бар. Сіз трансфер, ұшу, сақтандыру, гид, қонақ үй, тұру, тамақтану туралы еш алаңдамайсыз. Барлық мәселелеріңізді қалауыңызға орай туроператор шешіп береді. Тағы бір бонусы - ANEX TOUR-дың көптеген елдерде өкілдіктері бар. Мысалы, Вьетнамда бізді осы компанияның өкілдері өте жақсы қарсы алды, тіпті Хуанг есімді орыстілді гид те болды", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Александр Цой (@alexandr_tsoy)

Александрдың айтуынша, Вьетнамның эксклюзивтігі - қауіпсіздік, адамдары шынайы, ақкөңіл және бағалары да өте жақсы. Мысалы, жергілікті фо сорпасын бір долларға сатып алуға болады, ол барлық жерде дерлік жасалады және өте дәмді. Мұнда қонақ үйлер де, тамақ та, саяхат та, киім де - бәрі арзан. "Жергілікті базарлар жаңа піскен балық пен теңіз өнімдеріне толы. Жемістер мен өнімдердің ассортименті өте үлкен. Стейк, картофель фри, гамбургер сияқты классикалық тағамдарды жеуге болады. Қолтырауын, бақа, шаянның еті сияқты экзотикалық тағамдарға да таңдау көп", - деп қорытындылады саяхатшы.


© pixabay.com

© pixabay.com

Далат қаласындағы Сrazy House қонақүйі