Әлемнің ең қымбат қалалары аталды

Economist Intelligence Unit (EIU) ұйымы жыл сайынғы әлемнің ең қымбат қалаларының рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Рейтингте алғаш рет Нью-Йорк қаласы көш бастады, ол Сингапурмен теңескен. Олар былтырғы көшбасшы - Израиль астанасы Тель-Авивті озып, оны үшінші орынға ығыстырды.

Нью-Йорктен басқа, Лос-Анджелес және Сан-Франциско әлемнің ең қымбат қалаларының ондығына кірді.

Батыстық санкция әсерінен 88 және 70 позицияға көтерілген ресейлік Мәскеу мен Санкт-Петербург қалалары өсу көшбасшылары атанды.

Еуропаның басқа қалаларының көпшілігі рейтингте төмендеді, өйткені энергетикалық дағдарыс пен экономиканың әлсіреуі еуро мен басқа да жергілікті валюталардың құнының төмендеуіне әкеп соқты. Стокгольм, Люксембург және Лион рейтингте төменгі орындарға жайғасты. Сирия астанасы Дамаск пен Ливия астанасы Триполи ең арзан қалалар тізімінде қала береді.

EIU жариялаған деректер әлемдегі ең ірі қалаларда өмір сүру құнының күрт өскенін көрсетеді, өйткені Украинадағы соғыс және пандемияға байланысты шектеулер экспорт пен импортты төмендеткен, әсіресе электр қуаты мен азық-түлік тауарлары бірінші орында. Орташа алғанда, EIU әлемдегі өмір сүру құны индексімен (WCOL) қамтылған 172 қаладағы бағалар жергілікті валютада 8,1 пайызға өсті, бұл бізде өмір сүру құны туралы цифрлық деректер бар 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Биылғы сауалнама 2022 жылдың 16 тамызы мен 16 қыркүйегі аралығында жүргізілді. Киев биылғы шолуға енгізілген жоқ.

Осыған дейін Алматы мен Астана өмір сүруге ең қымбат қалалар тізіміне енген болатын.