Жолаушы ұшақтың қозғалтқышы өртенген сәтті видеоға түсірді

Колумбустан Финикске ұшқан American Airlines әуекомпаниясының ұшағының қозғалтқышында өрт шықты. Әуекемесі апатты жағдайда мәжбүрлі қонды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CNN басылымына сілтеме жасап.

Федералдық авиация басқармасының мәліметінше, қозғалтқышқа құс кіріп кетіп, соның салдарынан өрт шыққан.

"Оқиға болған сәтте дереу апатты жағдайда Джон Гленн Колумб атындағы халықаралық әуежайға қону шешімі қабылданған. Сол жерде өрт дереу сөндірілген, ал апатты жағдайда қону сәті видеоға түсіріліп, Twitter желісінде жарияланған. Үрейлі видеода ұшақ қанатынан от ұшқындары ұшып жатқанын көруге болады", - деп жазады дереккөз.

"Ұшақ сәтті қонды және өз жолымен жолаушыларды отырғызу алаңына бұрды. Boeing 737 пайдаланудан алынып, техникалық жөндеуге жіберілді.

Қазіргі уақытта біздің команда жолаушыларды Финикске жеткізу үшін жұмыс істеп жатыр", - делінген American Airlines хабарламасында.

Федералды авиация басқармасы осы жағдайға байланысты тексеру жүргізіп жатыр, алайда осы оқиғадан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!