Жолаушы ұшақ дәретханасында ұшуға мәжбүр болған

Қамалып қалған жолаушы 1,5 сағаттан аса уақыт бойы дәретханада ұшып барған. , - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

The National мәліметінше, Бангалор - Мумбай бағытындағы SpiceJet бортының дәретхана есігінде ақау пайда болып, ашылмай қалған.

Әуеге көтерілгеннен кейін қауіпсіздік белдігін шешіп, дәретханаға барған жолаушы, есікті қайта аша алмай ішінде қалып қойған. Экипаж мүшелері де есікті аша алмаған. Дегенмен жолаушыға қолдау білдіру үшін хат жазып, есік астынан беріп жіберген.

"Біз есікті ашу үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Тыныштық сақтаңыз, бірер минутта әуежайға қонамыз. Өтініш, унитаздың қақпағын түсіріп, жайғасыңыз. Қонғаннан кейін инженер келеді", - делінген хатта.

SpiceJet әуекомпаниясы болған оқиғаға қатысты өкінішін білдірді. Бұдан бөлек жолаушыға билеттің толық құны қайтарылатынын атап өтті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!