"Алматы-Бішкек" әуерейсі әлемдегі ең турбулентті рейстердің бірі деп танылды

Turbli порталының сарапшылары турбуленттілік қаупі ең жоғары 10 маршрутты анықтады. Олардың арасында Алматы да бар, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Саяхатшыларға ұшақтардың турбуленттілігі туралы ақпарат беретін Turbli веб-сайтының сарапшылары барлығы 150 мың әуебағытына талдау жасады. Рейтингті жасақтау барысында тек 2023 жылғы желтоқсан айындағы бағыттар ғана қарастырылды.

Әрбір ұшақтың турбуленттілігі геодезиялық сызығы және орташа крейсерлік биіктігі бойынша есептеледі.
Турбуленттілік құйынның диссипация жылдамдығы (EDR) арқылы айқындалады. Турбуленттілік деңгейі жеңіл (0-20), орташа (20-40), күшті (40-80) және экстремалды (80-100) деп бөлінеді.

Сонымен Сантьяго (Чили) - Санта-Крус (Калифорния, АҚШ) әуебағыты антирейтинг көшбасшысы атанды. Әуелайнері шамамен 4 сағатта 1911 шақырым қашықтықты ұшып өтеді. Ұшу кезіндегі орташа турбуленттілігі 17,568-ге дейін жетеді екен.

Ұзақтығы 50 минут, ал арақашықтығы 210 шақырымға жететін "Алматы - Бішкек" әуемаршруты екінші орынға тұрақтады. Ұшу кезіндегі орташа турбуленттілік 17,457 деңгейінде тіркелген.

Әуекемелерінде турбуленттіліктің пайда болуына түрлі фактор ықпал етеді. Ал оның түрлері онға жуықтайды. Атап айтқанда:
1 Ашық аспандағы турбуленттілік;
2 Ұшақ циклонынан туындайтын турбуленттілік;
3 Жылу (конвективті) турбуленттілік;
4 Фронталды турбуленттілік;
5 Механикалық турбуленттілік;
6 "Таудағы толқындардан" туындайтын турбуленттілік;
7 Найзағайдан туындайтын турбуленттілік;
8 Желден туындайтын турбуленттілік.
Байқасаңыздар, турбуленттіліктің түрлері көп. Бұған дейін біз олардың әрқайсысына жеке тоқталып өткенбіз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!