Жапония туристердің көптігімен күресетін шаралар әзірлеп жатыр

Сарапшылар Жапонияның шамадан тыс туризм мәселесін қалай шешетінін айтты. Күншығыс елінің туризм министрлігі "туристермен күресу жоспарын", дәлірек айтсақ, олардың көптігімен күресетін шараларын жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі АТОР басылымына сілтеме жасап.

Бірінші кезектегі шаралар көлік инфрақұрылымын нығайтуға бағытталатын болады, атап айтқанда, автобустар мен такси паркін ұлғайту көзделіп отыр. Бұл Осака және Токио сияқты танымал қалаларда қонақтарды жайлы қабылдау үшін қажет.

Кейбір жерде көлік жүктемесінің маусымдық жүктемесін теңестіру ұсынылады. Мысалы, Хоккайдода шаңғы маусымы кезінде көбірек такси қолдану.

Әсіресе саяхатшылар үшін ірі станциялардан танымал туристік аймақтарға тікелей автобус маршруттарын ұйымдастыру ұсынылады.

Талқыланатын тағы бір шара - адам аз шығатын сағаттарда жүруді ынталандыру үшін жол жүру бағасының уақытқа байланысты өзгеруі.

Сонымен қатар, министрлік туристерді Токио, Осака және Киото секілді ірі орталықтардан елдің аса танымал емес аймақтарына жіберуді атап өтті. Бұл да туристердің шоғырлануын азайтады.

Жоспарда 11 "үлгілі" туристік бағыттардың – Мие префектурасындағы Исэ-Сима және шығыс Хоккайдо сияқты орындардың мүмкіндігі егжей-тегжей сипатталған. Олар биыл үлкен қалаларда кездеспейтін ерекше көрікті жерлерге баратын орын ретінде таңдалды.

Министрлік муниципалитеттерге таза табиғи аймақтарда шытырман оқиғалы бағдарламаларды ілгерілетуге немесе тарихи ауылдарда түнеуге қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!