Анталияда бес турист құдыққа құлап кетіп, біреуі қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/mh-grafik © pixabay.com/mh-grafik

Анталия провинциясының көрікті жерлерінде кешкі серуен қайғылы жағдайда аяқталды - бес турист құдыққа құлап кетіп, біреуі қайтыс болды. Оқиға Эгригёль үстіртіне барар жолда болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Turizm Guncel басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ұлты аталмаған 30 шақты турист Гюндоған ауданында экскурсияға аттанған. Олардың кешкі уақытта Эгригёль үстіртіндегі Гейик тауының (Анталия Альпісі) маңайында серуендеуді жоспарлаған.

Алайда демалыстың соңы ТЖ-ға айналды. Бес турист бағыттан адасып, осы аудандағы құдыққа құлап кеткен. Олардың достары дереу 112-ге хабарласып, көмек шақырған. Оқиға орнына AFAD (жергілікті ТЖМ) қызметкерлері, сосын жандармерия мен орман шаруашылығының мамандары жеткен.

Оқиға салдарынан бір турист қаза тапты, қалған төртеуі ауруханаға жеткізілді. Олардың денсаулығына қауіп жоқ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel