Жанартаудың оянуына байланысты Неаполь тұрғындары эвакуацияланады

Италия үкіметі туристер мен жергілікті тұрғындарды эвакуациялау кезінде қауіпсіздік мәселесіне жіті қарайды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі SchengenVisaInfo.com басылымына сілтеме жасап.

Флегрей даласындағы супержанартау атқылаған жағдайда Италиясаяхатшылар мен жергілікті тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру стратегиясын белсенді әзірлеп жатыр.

Жанартау Неапольден небары 20 шақырым жерде орналасқан және Амальфи жағалауының сұлулығымен көптеген туристерді қызықтырады. Өткен айда шамамен 1100 жер сілкінісі тіркелген. Жанартау атқылайды деген қауіп бар.

Флегрей қалалармен және ауылдармен шектеседі, оның ішінде Поццуоли, Аньяно және Баколи бар, мұнда шамамен 500 мыңнан аса адам тұрады.

Үкімет осы аймақтағы ғимараттардың құрылысын тексеріп жатыр және тұрғындарды жаппай эвакуациялауды жоспарлап қойған.

Азаматтық қорғау министрі Нелло Мусумечидің айтуынша, мұндай эвакуация "аса қажет" болғанда ғана іске асырылады екен. Билік өкілдері жергілікті тұрғындарды хабардар етіп, дайын болуға шақырды.

Биыл Италия әртүрлі табиғи апаттарға, соның ішінде Эмилия-Романья аймағындағы су тасқынынан зардап шекті. Италияға баратын туристерге төтенше жағдайлар кезінде өздерін қорғау үшін туристік сақтандыруды сатып алу ұсынылады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!