Таиланд билігі Пхукетте суды үнемдемек

Таиланд билігі Пхукеттегі қонақүйлермен бірге аралдағы суды сақтау науқанын бастамақ, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Thaiger басылымына сілтеме жасап.

Су ресурстарының ұлттық қоры (ONWR) Пхукеттегі қонақүйлермен біріге отырып, туристік секорда су қолдануды қысқарту стратегиясын жасады. Бұл үшін Таиланд билігі арналарды су қоймаларына айналдыруды ұсынып отыр. Бұл судың теңізге ағып кетпеуі үшін жасалмақ. Қонақүйлер судың қаншалықты жұмсалатынын көрсететін есептеуіш құралдар орнатады. Туристердің орамалды күнделікті ауыстыруыдан бас тартуы да құпталады екен. Әзірге мұндай шара ірі немесе халықаралық қонақүйлерде енгізіледі.

Суды үнемдеу мақсатында орамал мен киімді күнделікті ауыстырудан бас тарту идеясы Таиланд курорттарында он жылдан бері ұсынылып келеді. Алайда бұл үшін сыйақы жасау мәселесі осы күнге дейін көтерілмеді.

Ал Пхукеттің Сауда палатсының басшысы жергілікті биліктен тағы бір резервуар салуды сұрады. Қазіргі таңда Пхукетте әрқайсының сыйымдылығы 20 миллион куб литрден сәл асатын үш резервуар бар. Бұл аралдың қажеттілігінен төрт есе аз болып тұр екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!