Жалғыз саяхаттағанды ұнататын туристерге арналған үздік қалалар аталды

Wizz Air зерттеулеріне сәйкес жалғыз саяхаттайтындарға арналған ең жайлы 20 қаланың рейтингі ұсынылды. Рейтинг TripAdvisor жүйесіндегі "жалғыз саяхатшылар" деп белгілегендерді ескере отырып құрастырылған.
Рейтингті жасақтау кезінде ең алдымен туристердің мейрамханалар мен көрнекі жерлерге жасалған шолулары ескерілді. Сонымен бірінші орынға грекиялық Родос аралы тұрақтады. Қалған 19 қаланың барлығы 12 орынға теңдей бөлінді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Wizz Air мәліметінше, рейтинг жасақтау кезінде әр қаладағы бес жұлдыз қойылған шолулардың пайызы есептелді. Бұл ретте тізімге әр елден ең жоғары рейтингі бар қалалар ғана енгізілді. Осылайша әрбір ел тізімде бір рет қана ұсынылды.

Жалпы рейтингтің нәтижесі төмендегідей болды:

1. Родос, Грекия. Wizz Air зерттеулеріне сәйкес, қаланың рейтингі - 76 пайыз, көрнекі орындары - 79 пайыз, мейрамханалары - 73 пайыз
2. Сплит, Хорватия. Қаланың рейтингі - 73 пайыз, көрнекі жерлері - 81 пайыз, мейрамханалары - 66 пайыз
3. Стамбұл, Түркия. Қаланың рейтингі - 67, мейрамханалары - 71 пайыз. Стамбұлмен қоса үшінші орынды Португалияның Алгавре аймағындағы Фаро қаласы еншіледі. Қаланың рейтингі - 67 пайыз, көрнекі орындары - 74 пайыз, мейрамханалары - 59 пайыз.
4. Флоренция, Италия. Қаланың рейтингі - 66 пайыз.
5. Лондон, Ұлыбритания. Қаланың рейтингі - 63 пайыз, мейрамханалары - 51 пайыз
6. Рейкьявик, Исландия және Севилья, Испания. Еке қаланың да рейтингі - 62 пайыз
7. Ницца, Франция. Әйгілі француз Жерорта теңізі курорты, сондай-ақ Мальтадағы Валетта қаласы. Қалалардың рейтингі - 60 пайыз
8. Люцерн, Швейцария. Қаланың рейтингі - 59 пайыз
9. Варна, Болгария және Рига, Латвия. Қос қаланың рейтингі - 58 пайыз
10. Брюгге, Бельгия. Краков, Польша. Каунас, Литва. Үздік ондыққа кірген үш қаланың рейтингі - 57 пайыз
11. Бухарест, Румыния. Қаланың рейтингі - 55 пайыз
12. Прага, Чехия. Будапешт, Мажарстан. Розендал, Нидерланды. Аталған қалалардың рейтингі - 54 пайыз

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!