2024 жылы әлемде саяхат үшін ең арзан және қымбат қалалар тізімі жарияланды

Онлайн сатып алуды жеңілдететін Wethrift командасы 2024 жылы саяхаттау құнына сараптама жасады. Осылайша олар ең арзан және қымбат бағыттар тізімін құрастырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі 34Travel басылымына сілтеме жасап.

Мамандар маңызды деген ондаған критерилерді қарастырған: әр елден тікелей ұшатын рейстер саны мен құны, көлік жалдау қолжетімділігі, тұрғын үй, тағам және көрнекі орындар мен басқа да заттардың бағасы сараланған.

Ең арзан қалалар тізімі:

  • Нью-Дели (Үндістан),
  • Ханой (Вьетнам),
  • Каир (Мысыр),
  • Ыстамбұл (Түркия),
  • Хургада (Мысыр).

Ең қымбат қалалар тізімі:

  • Флоренция (Италия),
  • Белфаст (Ұлыбритания),
  • Сидней (Аустралия),
  • Нью-Йорк (АҚШ),
  • Лондон (Ұлыбритания).

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!