Интернет жылдамдығының рейтингінде Қазақстанның қай орында екені айтылды

Саяхаттаушылардың көпшілігі үшін интернеттің сапасы, жылдамдығы мен қолжетімділігі өте маңызды. Міне осыған орай Speedtest Global Index интернет ең жылдам елдер мен қалалар тізімін жариялады", - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жаңа зерттеуде мамандар 2023 жылы 179 елдің 200 қаласындағы мобильді интернет пен кең жолақты қолжетімділікті өлшеді.

Әлемдік сервис мәліметінше, мобильді интернет рейтингінде Қазақстан 6 саты жоғарлапты, алайда бәрібір топ-50 тізімге кірмейді.

Біздің ел орташа алғанда секундына 34,06 мб жылдамдықпен 68-орыда тұр.

Ал интернеттің кең жолақты қолжетімділік жағынан Қазақстан әлемдік рейтингте 94-орында екен.

Зерттеу ең жылдам интернет (200,24 мб/с) Біріккен Араб Әмірліктерінде екенін көрсетті. Екінші орында - Катар (182,98 с/мб). Ал үшінші Кувейт (152,95 с/мб).

ТМД елдерінің орны келесідей:

  • Әзірбайжан 59-орын;
  • Қазақстан 68-орын;
  • Армения 81-орын;
  • Қырғызстан 82-орын;
  • Ресей 96-орын;
  • Өзбекстан 107-орын;
  • Беларусь 132-орын;
  • Тәжікстан 133-орын.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!