Кәсіпкерлер Алматы әуежайындағы такси мәселесін "шешті"

Алматының кәсіпкерлер палатасы қала әуежайындағы такси тарифтерін ұсынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Аймақтық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында палата төрағасының міндетін атқарушы Нариман Ибрагимов ұйым әуежайдағы такси қызметінің құнына сараптама жүргізгенін мәлімдеді. Оның сөзінше, таксидің бағаны көтеріп тастау мәселесі шеішілді.

Салалық комитет трифтер ұсынылып, әуежай аумағында такси құны көрсетілген стендтер ілінді.

"Турситік маусым басталатын жаздың бірінші айында жұмыс тобы екі апта такси құнына сараптама жүргізді. Олардың қатарында AparuTaxi, Region, Yandex Taxi, Uber, Blue Sky Energy және басқалары бар. Жол жүрудің орташа бағасы есептелді.

Жолаушылар тасымалы үшін орташа баға такси санаты мен баратын жерге байланысты 1 200 теңгеден 12 000 теңгеге дейін барады. Ең қымбат баға премиум-сегменітндегі әуежайдан "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортына дейін.

Кәсіпкерлер палатасы жанындағы туризм бойынша кеңес тобына көлік прокуратурасы, туризм басқармасы, Алматының халықаралық әуежайы, Түркісіб ауданының жергілікті полиция қызметінің өкілдері кірді. Ал аймақтық палата жанында туризм, керативті индустрия, білім беру, денсаулық сақтау, көлік және логистика, құрылыс саласында алты бірдей салалық жұмыс комитеті бар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!