Индонезияда жойқын жер сілкінісі: 50-ден аса адам қаза тапты

Индонезияның Батыс Ява аралында 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігінің мәліметінше, жер асты дүмпулері цунами туғызатындай болмаған. Алайда тұрғындар сақтық шараларын сақтауы керектігі айтылды.

Агенттік мәліметінше, жер сілкінісі Джакарта, Бекаси, Богоре және елдің басқа да аймақтарында сезілген. Жер асты дүмпуінің ошағы - Чианджур қаласы, ол ел астанасы Джакартадан 75 шақырым жерде орналасқан.

Reuters агенттігінің мәліметінше, табиғи апат салдарынан 56 адам қаза тапқан. Мұны Батыс Ява губернаторы Ридван амил растады. Кемінде 700 адам зардап шеккен, 300-ден аса үй бүлінген не қирап қалған. Батыс Ява аралының аумағында жарық жоқ.