Халықаралық дау! Шекарашылар адасып кеткен туристерді атып тастаған

Марокко мен Алжир шекарасында сұмдық жағдай болды. Адасып кеткен туристерді шекарашылар атып тастаған. Daily Beast мәліметінше, төрт турист Марокко жағажайында гидрацикл теуіп жүрген. Олар байқаусызда шекарадан асып кеткенде олардың екеуін Алжирдің жағалау күзеті атып тастаған. Тағы бір демалушы тұтқындалып, енді бірі аман-есен құтылған. Осыған байланысты халықаралық дау туайын деп тұр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл оқиғада екі ел азаматтығы (Марокко мен Франция) бар екі турист Билал Кисси мен Абделали Мешуэр көз жұмды. Олар Марокконың солтүстік-шығысындағы Саидия курортынан жаңылыс бағытта кеткенде оқ астында қалған. Төрт адам болып шыққан топтағы Франция азаматтығы бар тағы бір Марокко тумасы Смаил Снабені Алжирдің жағалау күзеті тұтқындаған. Тек төртінші адам Мохамед Кисси аман оралып, болған жайды баяндаған.

"Біз адасып кеттік, бірақ жүре беріп, Алжирге кіріп кетіппіз. Бірақ оны өзіміз де білмедік, бізге алжирлік қара қайық жақындады да бізді ата бастады", - дейді ол.

Киисдің сөзінше, шекарашылар оның ағасы мен досын атып тастаған, тағы бір досын тұтқынға алды. Ал осының бәрі "адасып кетіп, жанармай бітіп тоқтап тұрғандықтан ғана" дейді ол. Мохамедтің өзі қашып үлгерген, кейін оны мароколлық флот тауып алады.

Демалушының сөзінше, олар шекарашылардан қашпаған екен. "Менің ағам олармен сөйлесуге тырысып еді, ол бірден оқ атты! Оларды бар болғаны шекараны кескені үшін өмірінен айырылды, оның ешқандай жаман ойы болған жоқ, біз демалыста жүрдік", - дейді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!