Әуекомпания туристерді әйгілі курортқа жеткізу үшін өзгеше "көлікке" тапсырыс берді

Испаниялық Air Nostrum әуекомпаниясы туристерді елдегі танымал курорттық орын - Майоркаға жеткізу үшін дирижабльдерге тапсырыс берген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Air Nostrum 2022 жылы 100 жолаушыға есептелегн Airlander моделіндегі 10 гибридті дирижабльге тапсырыс берген. Испаниялық басылымдардың мәліметінше, қазіргі таңда компания тапсырыс санын екі есеге (20 дана) арттырған.

Жаңа тасымал құралын жасаушы - британиялық HAV компнаиясы Airlander 10 дирижабльдерін Донкастер қаласында жинамақ екен. Ал зауытты салу құны 7 миллион фунт стерлингке бағаланып отыр. Алғашқы дирижабль 2026 жылы жасалып шығарылады деп жоспарланған.

"Airlander 10 ұшақтары Air Nostrum Group компаниясының ұшақтар паркін түрлендіреді және толықтырады деп күтіледі. 100 жолаушыны тасымалдай алатын бұл құрал қоршаған ортаға шығатын зиянды қалдықтардың тек оннан бірін ғана бөледі", - дейді сарапшылар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!