Грузиядағы қазақстандық журналистің өлімі: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Грузияда қайтыс болған қазақстандық журналистің қазасына қатысты мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Грузия ІІМ сайтына сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, Кахетия полициясы қасақана өлім дерегін анықтаған. Күдікті ретінде бір адам ұсталған. Күдікті Г.Х-ны Кахетияның Полиция департаменті өкілдері жедел-іздестіру шараларының барысында анықтаған.

Ол жасаған қылмысы үшін 10 жыл мен 15 жыл мерзімі аралығыны сотталуы мүмкін.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті жанжал барысында шетелдік әйелді (қазақстандық журналист - еск.) қатты затпен ұрған. Г.Х әйелдің денесін өзенге лақтырып, өзі оқиға орнынан қашып кеткен. Қылмыстық іс Грузияның Қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша тіркелді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық журналист Грузияда өлтірілгені хабарланған болатын. Жанбота Төлеген соңғы рет 19 мамырда әріптесімен байланысқа шыққан. Назира Дәрімбеттің айтуынша, журналистің сыныптастары оның Грузияда өлтірілгенін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!