Грекияда туристік автобус жол апатына ұшырады: 4 адам мерт болды

Грекияның солтүстігіндегі Килкис қаласының маңында тасжолда туристік автобус пен жеңіл көліктің соқтығысу салдарынан төрт адам қаза тапты және 49 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Metro басылымына сілтеме жасап.

"Сербиялық номері бар автобуста 81 адам болған, оның 49-ы түрлі жарақатпен Килкис және Салоники қалаларының ауруханаларына жеткізілген. Қаза тапқан үш адам жеңіл көліктің салонында отырған. Полиция мәліметінше, төртінші адам ауруханада қайтыс болған. Қайтыс болғандардың төртеуі де ер адамдар: үш грек бір ресейлік", - деп жазады басылым басылым полиция мәліметіне сүйеніп.

Грекиялық БАҚ мәліметінше, сербиялы туристер Аспровальтаның жағалау бқлігіне демалысқа бара жатқан.

Зардап шеккен қалғандарының өміріне еш қауіп жоқ. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!