Қазақстандықтар АҚШ-қа қаншалықты жиі ұшады?

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев қазақстандықтардың қаншалықты жиі Америка Құрама штаттарына ұшатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ластаев бұл бағыттың расымен сұранысқа ие екенін айтады.

"Жылына 45 мың адам Қазақстаннан АҚШ-қа ұшады. Қазіргі уақытта олар шетелдік компаниялармен ұшып жүр, алайда болашақта жолаушылар өзімдіздің ұсынысты қабылдайтын болады деген үміттеміз", - деді Ластаев.

Тікелей рейстер арзан немесе қымбат болады деген сұраққа Ластаев бәсекелестік пен экономикаға байланысты екенін айтады.

"Мұнда көптеген факторлар бар. Біз әрине оның қолжетімді болатынына сенімдіміз", - дейді комитет төрағасы.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!