Геленджиктегі жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тourweek.ru Фото: Тourweek.ru

Жарылыстан қатты зардап шеккен екінші адам Геленджик ауруханасында қайтыс болды. 13 шілдеде жарылыс болған күні оқиға орнында тағы бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourweek.ru басылымына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Жарылыстан қатты зардап шеккен екінші адам Геленджик ауруханасында қайтыс болды. 13 шілдеде жарылыс болған күні оқиға орнында тағы бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourweek.ru басылымына сілтеме жасап. 

Алдын ала ақпарат бойынша, қатты жарылыс тұрмыстық газ салдарынан болған. Төрт қабатты қонақүйдің иесі оның мекемесі газдандырылмаған және ішінде автономды газ көздері де жоқ деп мәлімдеген. Тергеушілер екінші тұжырымға күмәнмен қарайды, өйткені оқиғаның салдары дәл газ жарылысынан кейін болатын жағдайға ұқсайды.

Жарылыс соққысы негізінен көшеге қарай бағытталған. Одан тек "Азария" қонақүйі емес, жақын маңдағы құрылыстар, көліктер зардап шекті. Сондай-ақ көшеде өтіп бара жатқан жас жігіт қайтыс болды.

Зардап шеккен тағы бір адам демалыс күні қайтыс болды. Тағы үш адам емделіп жатыр. Жарылыс кезінде қонақүйде 50-ге жуық адам болған. ТЖМ күштерімен қонақтарды жедел эвакуациялаудың арқасында қалған адамдар аман қалды.

БАҚ пен әлеуметтік желілердегі видеоларға қарағанда жарылыс 13 шілде таңертең РФ Краснодар аймағындағы Геленджикте орналасқан "Азария" қонақүйінің бірінші қабатында болған. Жарылыс салдарынан бір адам қайтыс болып, ғимарат жартылай қирағаны хабарланған.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз! 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная