Геленджиктегі жарылыс: бір адам қайтыс болды, қонақүй жартылай қирады

БАҚ пен әлеуметтік желілердегі видеоларға қарағанда жарылыс 13 шілде таңертең РФ Краснодар аймағындағы Геленджикте орналасқан "Азария" қонақүйінің бірінші қабатында болған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға болған қонақүй қаланың орталығында орналасқан. Алдын ала ақпарат бойынша, жарылысқа ас үйдегі тұрмыстық газдың таралуы себеп болған.

Жарылыс салдарынан бір адам қаза тапқан. Зардап шеккендер де бар. Жарақат алғандар ауруханаға жатқызылды.

Қонақүйдің айналасында және ішінде РФ ТЖМ қызметтері, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен полиция жұмыс істеді. Ғимараттың әйнегі сынған және қасбеті бұзылған. Қонақүйдің қасындағы тұраққа қойылған бірнеше көлік зардап шеккен. "Азариядан" 50-ге жуық адам, соның ішінде қызметкерлер эвакуацияланды.

Ресей Федерациясының Тергеу комитеті жарылысты тексеріп жатыр.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!