Финляндия және тағы 5 ел туристер үшін ковид шектеулерін алып тастады

Финляндия шетелдік туристер үшін кіру шектеулерін алып тастайды. Шенген аймағынан немесе ЕО-дан тыс жерден келген жолаушыларға бұдан былай вакцина паспортын/сертификатын ұсынуға немесе коронавирусқа теріс тест тапсырудың қажеті жоқ, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Yle сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, бұдан былай шекарадан өту пункттерінде COVID-19 тестілеуін өткізбейді. Жаңа кіру ережелері 30 маусымда күшіне енеді.

Эстония

16 маусымнан бастап Эстония да антиковид шаралардан бас тартты. Үкімет азаматтығына қарамастан, үшінші елдердің барлық азаматы келгеннен кейін вакцинация, сауығу немесе теріс ПТР-тесті туралы қолданыстағы анықтаманы ұсынуға міндетті емес деп мәлімдеді.

ЕО-ға кірмейтін елдерден келген саяхатшылар үшін кіру ережелерін алып тастаумен қатар, карантин мерзімі 1 шілдеде аяқталады. Бұл дегеніміз, COVID-19 пациенттері және олармен байланыста болғандар енді оқшаулануға міндетті емес.

Ресей

Ресейде 14 маусымда шетелдік азаматтардың кіруіне барлық ковид шектеулер алынып тасталды. Шетелдік рейстерді жүзеге асыратын бірқатар тасымалдаушы жолаушыларына ресейлік рейстерге қонған кезде ПТР-тестін ұсыну туралы міндетті талапты алып тастағаны туралы хабарлады.

Мысыр

Мысыр билігі 17 маусымнан бастап келген азаматтығына қарамастан, елге кірудегі барлық коронавирус шектеуін алып тастады. Pfizer, Moderna, AstraZeneca, Sinopharm, Sinovac, Sputnik, Johnson and Johnson препараттарымен вакцинацияның толық курсын өту туралы құжатты немесе ұшуға дейін 72 сағаттан ерте жасалмаған ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы, ұшудан 24 сағат бұрын жасалған экспресс-тестің теріс нәтижесін ұсыну талап етілетін. Сондай-ақ, 12 жасқа дейінгі балалар тест тапсырудан босатылған болатын.

Грузия

Грузия шетелдіктерге кіру ережелеріне оралады. Жаңа шаралар 15 маусымда күшіне енді.

"Шетелден келген кез келген адам (азаматтығына қарамастан) елден шыққан кезде COVID-19 вакцинациясының толық курсын немесе сапардан және оқшауланудан соңғы 72 сағат ішінде теріс ПТР-тестін растайтын құжатты ұсыну міндетінен босатылады", - делінген Грузия премьер-министрі қол қойған құжатта.

Өзбекстан

Өзбекстанға келген туристер үшін коронавирус пандемиясымен байланысты барлық шектеу алынып тасталды. Республикалық арнайы комиссияның шешімі 2022 жылғы 10 маусымнан бастап күшіне енді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!