Еуропадағы ең қауіпті қала аталды

Әлем туристері арасында ең танымал бағыттың бірі - Италия астанасы 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең қауіпсіз емес қала деп танылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Unian басылымына сілтеме жасап.

2023 жылы еуропалық қалаларда өмір сүру сапасы бойынша ЕО есебіне сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың тек 38 пайызы ғана Рим көшелерінде түнде жүру қауіпсіз деп айтқан. Антирейтингтің екінші орыны грекиялық Афинаға бұйырды (40 пайыз), ал үшінші орын - француздық Марсель қаласы (43 пайыз).

Сонымен қатар Еуропадағы ең қауіпсіз қала Дания астанасы Компенгаген, испаниялық Овьедо және Словенияның бас қаласы Люблянаға бұйырды, олар 87 пайыз жағымды дауыс жинаған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!