Еуропада студентті зорлаған турист қалған ғұмырын түрмеде өткізеді

Германиядағы Нойшванштайн сарайының жанындағы шатқалда студент қызды зорлаған америкалық турист сотталып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынак кесілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, сот барысында 31 жастағы Трой Болинг өз кінәсін мойындаған. Судья Болингте "үлкен кінә" артылып отырғанын айтты. Өйткені жәбірленуші қайтыс болған. Енді Трой Болинг 15 жылдан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босай алмайды.

Тергеу мәліметтері бойынша қайғылы оқиға 2023 жылдың маусымында болған. 31 жастағы Трой Болинг Нойшванштайнның танымал көрнекі жеріндегі жаяу жүргіншілер жолында 21 жастағы Ева Лю мен 22 жастағы Келси Чангпен кездесіп қалған. Ер адам қыздарды алдап, оңаша жерге шығарып алып, Люді зорламақ болады. Чанг құрбысын қорғауға тырысып, ер адаммен арпалысып кетеді. Бірақ америкалық турист қызды құздан итеріп жібереді.

Кейіннен ер адам ес-түссіз жатқан Люді зорлап, арам ойын іске асырғасын Чанг құлаған жаққа лақтырып жібереді. Мұның барлығы басқа куәгерлердің көзінше болған деседі.

Өкінішке қарай, дәрігерлер Люді құтқарып қала алмады. Дегенмен бас жарақатын алған Чанг аман қалды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!