Әлемдегі ең үздік қалалардың рейтингі жарияланды

Resonance компаниясының сарапшылары әлемдегі ең үздік қалалардың жаңартылған рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Resonance мәліметтері бойынша 2024 жылы Лондон қаласы көшбасшы атана отырып, осымен қатарынан 9-рет бірінші орынды иеленіп келеді.

Рейтинг статистикалық көрсеткіштерге, сонымен қатар жергілікті тұрғындар мен туристердің бағалауы негізінде қалыптасты. Бағалау барысында қаладағы қауіпсіздік, логистика, қолжетімділік, білім деңгейі, мәдени өмірі және т.б. критерийлер ескерілді.

Әлемдегі ең үздік ТОП-10 қаланың тізімі келесідей:

1. Лондон, Ұлыбритания;

2. Париж, Франция;

3. Нью-Йорк, АҚШ;

4. Токио, Жапония;

5. Сингапур;

6. Дубай, БАӘ;

7. Сан-Франциско, АҚШ;

8. Барселона, Испания;

9. Амстердам, Нидерланды;

10. Сеул, Оңтүстік Корея.

Оттава, Кельн, Шарлотт, Калгари, Нагоя, Дюссельдорф, Ханой, Гетеборг, Саппоро, Бильбао және Балтимор сынды қалалар ТОП-100 рейтингіне кірді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!