Еуропада саяхаттауға арналған ең үздік астаналар тізімі жарияланды

VisaGuideWorld компаниясы мыңдаған саяхатшылар арасында сауалнама жүргізіп, 2023 жылы Еуропадағы үздік астананы таңдады. Бұл рейтингте Амстердам көш бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі 34Travel.me басылымына сілтеме жасап.

Пандемиядан кейін жиһанкездер көрнекі орындарға емес, қауіпсіздік және жергілікті халықтың қонақжайлылығына ден қоя бастаған. Нидерланды астанасы барлық көрсеткіш бойынша топ жарды.

Нидерланды тұрғындарының 90 пайызы ағылшын тілінде сөйлейді, ал қонақжайлылық бойынша олар испаниялықтар мен италиялылықтарға дес берген. Сонымен қатар еуропалық басқа елордаларға қарағанда Амстердамға бару арзанға түседі: шамамен бір аптаға 280-300 еуро жұмсайсыз.

Еуропаның үздік он астанасының тізімі мынадай:

Рим (Италия);
Загреб (Хорватия);
Лондон (Ұлыбритания);
Лиссабон (Португалия);
Мадрид (Испания);
Прага (Чехия);
Париж (Франция);
Берлин (Германия);
Вена (Австрия).

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!