"Ешқашан кеш емес". 104 жастағы кейуана парашютпен секірді

Америкалық 104 жастағы Дороти Хоффнер парашютпен секірді. Әлеуметтік желіде оның батыл әрекетінің видеосы вирусқа айналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ABC 7 Chicago телеарнасының мәліметінше, таяуда зейнеткер Иллинойс штатындағы Оттава қаласында нұсқаушымен бірге секірген. Жергілікті БАҚ мәліметінше, 4100 метрден секіру 7 минутқа созылған.

Америкалық зейнеткер 100 жасқа толғанда алғаш рет секірген екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ABC 7 Chicago (@abc7chicago)

Әлеуметтік желі қолданушылары оның батылдығына тәнті болып жатыр.

Дороти Хоффнер парашютпен секірген әлемдегі ең кәрі адам ретінде Гиннестер рекорды кітабына өтініш бермек. БАҚ мәліметінше, әлемдегі ең қарт парашютші - шведтік Рут Ларсон. Ол 2022 жылы 103 жасында секірген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!